Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық іс-шаралары ұйымдастырылды

Шымкент: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық іс-шаралары ұйымдастырылды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында көптеген санитарлық-тазалық іс-шаралары өткізілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл бастама еліміздің әрбір азаматының экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаны қорғау мен таза әрі қолайлы өмір сүру кеңістігін қалыптастыруға бағытталған.

Бүгін аталған жоба аясында қала аумағында тұрғындардың және мекеме қызметкерлерінің қатысуымен ауқымды сенбіліктер өтті. Абай ауданы Асар-2 шағынауданында №138 мектептің төңірегі, балалар ойын алаңшасы мен жол жиектері тазартылып, қоқыстар жиналды. Таң ерте жұмысқа іске кіріскен «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мектеп айналасын және Таңшапағы көшесін қоқыстан тазартып, экологиялық акцияға белсенді атсалысты. Сонымен қатар, жол жиектері тазаланып, шөптер орылды, барлық қоқыс жиналып, қала сыртына шығарылды.

Қаратау ауданында ұйымдастырылған сенбілікке аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, ардагерлер кеңесі және Қайтпас тұрғын алабының белсенді тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында көше бойлары тазаланып, қураған шөптер орылды, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Асылбек Тоқмағамбетов өз сөзінде жастарды табиғатты аялауға және қоршаған ортаны қорғауға шақырды. Оның айтуынша, мұндай сенбіліктер өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп, ел болашағына оң әсер етеді.

Еңбекші ауданында «Таза аула» апталығы аясында Қаратөбе тас жолы бойындағы көпқабатты үйлердің аулаларында тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға аудан әкімдігі, коммуналдық мекеме, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы және мердігер мекемелердің өкілдері мен тұрғындар жұмыла қатысты. Жүзге жуық адам мен арнайы техникалар аулалар мен көшелердегі шөптерді шауып, ағаштарды қырқып, аялдамалар мен қоқыс алаңшаларын жуып, жол жиектерін сыпырды.

Сонымен қатар, қала жастары да бұл игі бастамадан шет қалмады. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Бадам өзені жағалауында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға 50-ге жуық ерікті жас қатысып, өзеннің 5 шақырымдық аумағын күл-қоқыстан тазартып, экологиялық мәдениеттің артуына өз үлестерін қосты.

«Таза Қазақстан» жобасы бір күндік акция емес, бұл – өмір салтына айналуы тиіс бастама. Қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың міндеті. Шымкент қаласында қолға алынған бұл экологиялық шаралар халықтың белсенділігін арттырып, қоғамда қоршаған ортаны аялау мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізуде. Алдағы уақытта да тазалыққа бағытталған мұндай жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі