Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент базарларында жүрген жастарға мемлекеттік бағдарламалар мен мүмкіндіктер барысы түсіндірілді

Шымкент базарларында жүрген жастарға мемлекеттік бағдарламалар мен мүмкіндіктер барысы түсіндірілді
Фото: pixabay.com

Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған мобильді топ өкілдері базар аумағында жұмыс істеп жүрген жастарға мемлекеттік бағдарламалар тиімділігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Олар: “Жастар практикасы”, “Ұрпақтар келісім шарты”, “Алғашқы жұмыс орны” сынды жобалар.

Жастар практикасын оқуды енді бітірген, мамандығы бойынша әлі тәжірибесі жоқ, 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Тек оқу бітіргеніне 3 жылдан аспауы тиіс. Бағдарламаға мектеп пен колледж бітірген жастар да қатыса алады.

Жастар практикасының мақсаты – университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу, жұмыс істеуге бейімдеу. Бастапқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік беру. Бірақ жұмысы ауыр кәсіпорындар мен зиянды, қауіпті жұмыстарға жіберілмейді.

Практикаға қабылданып, жұмыс берушіге жолдама алған жас түлек өзін жақсы жағынан көрсете алуы тиіс. Жұмыс берушіге жауапкершілігі мен ынтасын, талабын таныта алса, жаңа қызметке ие болмақ. Жастар практикасына қабылданған жас 6 ай бойы практикада болады. Одан аз да, кем де емес. Осы уақыт арасында нәтиже шығарғаны жөн. Жұмысқа келген жасты арнайы тәлімгер үйретіп, жөн сілтейді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, жастар практикасына қалған азаматтардың жартысы тұрақты жұмысқа орналасып қалады екен.

Ал орналаса алмағандарға жұмыспен қамту орталығы басқа бір мүмкіндіктерді қарастырып көреді. Мәселен басқа мекемеге жіберу немесе Enbek электронды биржасына өтініш беру. Одан бөлек, шағын кәсіп ашу үшін мемлекеттік грант алу сынды мемлекеттік көмек түрлері бар.

Айта кетейік, Жастар практикасының құрамында қоғамдық жұмысқа тарту бағыты бар. Бұған мектеп пен колледжді енді бітірген түлектер қатыса алады. Ол үшін кәсіптік білім алу, курс оқудың қажеті жоқ. Қоғамдық жұмысқа тарту 12 мерзімге уақытша жұмыспен қамтуды көздейді. Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтарға екі төменгі жалақы мөлшерінде, яғни 85 мың теңге көлемінде жалақы төленеді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді