Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 2022 жылдан бері 88 заңсыз нысан бұзылды

Алматыда 2022 жылдан бері 88 заңсыз нысан бұзылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен заңсыз құрылысқа қарсы бақылауды жұмыстары күшейтіліп жатыр. 2022 жылдың басынан 2025 жылдың мамырына дейін қалада рұқсатсыз салынған 88 нысан толығымен немесе жартылай бұзылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматының қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.

2025 жылы заңсыз салынған 18 ғимарат сүрілді. Олардың ішінде тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар, жапсаржайлар, дәмханалар, көлік жуу орындары және басқа да құрылыстар бар. Ең ірі нысандар қатарында «Мечта» таунхаусы, «KHAN» ТҮК және Достық даңғылындағы 7 қабатты әкімшілік ғимарат бар.

Таулы аймақтағы заңсыз құрылысқа ерекше назар аударылды. Мұнда 38 нысанға қатысты сот шешімі шыққан, олардың 12-сі толық немесе жартылай бұзылған.

Тағы 3 нысанда құрылыс жұмыстары бастапқы кезеңде тоқтатылған.

Бұзу жұмыстары тек сот шешімі мен тиісті құжаттар негізінде, сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіледі.

Заңсыз құрылыстарды анықтау және тоқтату жұмыстары жалғасуда.

«Заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту – қазіргі күннің талабы. Қала инфрақұрылымына, көлік және әлеуметтік жүйеге жүктеме артып барады. Рұқсатсыз, бейберекет құрылыс тек қаланың дамуына емес, тұрғындардың қауіпсіздігіне де тікелей қауіп төндіреді. Әсіресе, таулы аймақтағы құрылысқа ерекше назар аудару қажет. Бұл аумақтар сейсмикалық тұрғыдан әлсіз әрі қауіпті аймақтар. Осындай жерлердегі заң бұзушылықтар өте ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Ең бастысы, барлық сүру жұмысы заң аясында сот шешімімен ғана жүзеге асырылып жатыр. Бұл баршаға ортақ ереже мен әділеттілік кепілі. Алматыда атқарылып жатқан бұл шаралар басқа қалалар үшін де үлгі бола алады», - деді урбанист және қоғам қайраткері Гүлмира Байғабұлова.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі