Жантөбе бау-бақша серіктестігінде рұқсатсыз салынған үш қабатты ғимаратты сүру жұмыстары басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ең өкініштісі, бұл нысан өте қауіпті жерде, топырақ көшкіні болуы мүмкін жерде орналасқан.Алдымен меншік иесіне құрылысқа қатысты барлық құжатты заңдастыру туралы ескерту берілген. Алайда ешқандай шара қолданылмағандықтан, Қала құрылысын бақылау басқармасы сотқа жүгінген. Өткен жылдың маусым айында сот бұл нысанды бұзу туралы шешім шығарды. Қазір ғимаратты сүру жұмыстары сот орындаушыларының қатысуымен жүргізілуде. 2023 жылдың басынан бері Алматыда 74 заңсыз құрылыс бұзылды, олардың арасында «Мечта» және «KHAN» сияқты танымал тұрғын үй кешендері де бар.Құрылысқа бақылау күшейе түседі, ең бастысы қауіпсіздік пен заңдылық керек.