Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада биыл 100-ден астам көше жөнделеді

Нұр-Сұлтанда биыл 100-ден астам көше салынып, жөнделеді. Сондай-ақ 140-тан астам көшенің асфальтбетон жабынын жөндеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мысалы: Жеңіс даңғылы – Бөгенбай батыр даңғылынан Есенберлин көшесіне дейін; Толстой көшесі бойынша – Сембинов көшесінен Күлтөбе көшесіне дейін; Қосшығұлұлы көшесі бойынша – Күмісбеков көшесінен 2-ші Алматы көшесіне дейін; №103 көшеден басталатын жол; Жетіген көшесі бойынша – Досмұхамедов көшесінен Алаш тас жолына дейін; Қошқарбаев даңғылындағы жол өтпесі және жол айрығы – Абылайхан даңғылындағы жол айрығы; Әл-Фараби көшесі бойынша; Жабаев көшесі бойынша – Қарағанды тас жолынан басталады; Жұбанов көшесі бойынша – Кенесары көшесінен Тархан көшесіне дейін; Алтынсарин көшесі бойынша – Жеңіс даңғылынан Потанин көшесіне дейін; Айнакөл көшесі бойынша – Төлебаев көшесінен Абылай хан даңғылына дейін; Рахымов көшесі бойынша – Кенесары көшесінен бастап Ғұмар Қараш көшесіне дейін. Сондай-ақ, қаланың шет аумақтарын дамытудың 2020-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Көктал-1, Көктал-2, Комсомольский, Интернациональный, Достық, Оңтүстік-Шығыс елді мекендерінде инженерлік желілер мен жол салу бойынша жобалар іске асырылуда. Осы жылдар ішінде 31 км инженерлік желі, сондай-ақ 6,2 км жол салынды.


Қала тұрғындарының көпшілігі Алаш көпірінде жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі сұрап, жүгінеді. Жауапты басқарманың хабарлауынша қазіргі уақытта Бөгенбай батыр даңғылындағы Уәлиханов көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі көлік айрығының жол өтпесін қайта құрудың соңғы кезеңі жүріп жатыр. Сондай-ақ елордада екі автомобиль көпірінің құрылысы жүріп жатыр. Оң және сол жағалауды жалғайтын Ұлы дала даңғылындағы көпір Мәңгілік Ел даңғылын, Нәжімеденов, Байтұрсынов, Қошқарбаев көшелерін, Nova city ауданын, «Мыңжылдық» аллеясын байланыстыруға мүмкіндік береді. Теміржол вокзалына, Тельман, Промышленный елді мекендеріне, МЕТРО гипермаркеті ауданына, Жұмабаев даңғылына, Жүргенов көшесіне және т.б. қолжетімділік артады. Тәуелсіздік даңғылындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпір Тәуелсіздік даңғылын, жаңа теміржол вокзалын, Хазірет Сұлтан мешітін, Нәжімеденов, Қошқарбаев даңғылын, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерін, сол сияқты Момышұлы даңғылын сол жағалауымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді