Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Серік Жұманғарин Ulttyq ónim – 2025 атты отандық өндірушілер көрмесін ашты

Серік Жұманғарин Ulttyq ónim – 2025 атты отандық өндірушілер көрмесін ашты
Фото: primeminister.kz

Қазақстанның барлық өңірінен келген 350 өндіруші өз өнімін Астанадағы «Ulttyq ónim» VIII отандық өндірушілер көрмесінде ұсынды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

EXPO халықаралық көрме орталығында басталған сегізінші жылсайынғы көрмеде қазақстандық өндірушілер тамақ, жеңіл, химия өнеркәсібі, машина жасау, жабдықтар, зергерлік бұйым мен басқа да мыңдаған тауар түрін ұсынды. Экспозицияға қатысқан барлық кәсіпорынға еліміздегі шағын және орта бизнеске қолдау жасайтын негізгі қаржы институты «Даму» қоры қаржылай және басқа да көмек көрсетті.

«Ulttyq ónim сегізінші көрмесі – отандық кәсіпкерлікті дамытудың ең жақсы дәлелі мен көрінісі. Өндірушілер еліміздің ішкі нарығындағы ұстанымын нығайтып, экспортқа шығуда. Шетелде танымал брендке айналып жатыр. Ал шағын және орта бизнесті мемлекеттің қолдауы тек күшейе бермек. Биыл экономиканың нақты секторын жедел дамытуға бет бұрдық. Мемлекет ақпараттық технология, логистика, туризмге, тамақ өнімін, құрылыс материалын өндіруге, машина жасау, жеңіл және химия өнеркәсібі сияқты басым салалардағы ШОБ инвестициялық жобаларына ашық тапсырыс жариялады. Бұл бағытта жан-жақты қолдау көрсетіледі», — деп атап өтті көрменің ашылуында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин. 

Көрмеде ас үй плиталары, желдеткіш, медициналық жабдықтар, трансформаторлар, құрама жем, чемодандар, тоқыма бұйымдары, құрылыс материалдары, антисептиктер, киім, аяқ киім және басқа да сұранысқа ие тауарлар ұсынылған. Қатысушылардың бірі зарарсыздандыру және жуу құралын өндіруші «Аврора» өндірістік кешені» ЖШС нарықта 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда косметикалық өнімнің 40, тұрмыстық химияның 55, зарарсыздандыру құралының 80-нен астам түрі бар.

«Біз өнім өндіруде тиімділікке, қауіпсіздік пен тауардың тым қымбат болмауына баса назар аударамыз. Бізден ыдыс жууға арналған сабын, сұйық сабын, әйнек жууға, ас үйге, кір жууға арналған тұрмыстық химияны сатып алуға кеңес береміз. Біз желіні үнемі жаңартып отырамыз. Жаңа өнімдердің арасында үй мен кеңсеге арналған хош иісті диффузорлар бар. Booboo брендімен балаларға арналған өнімдердің сан алуан түрін шығарудамыз. Өнімдеріміз Қазақстандағы сауда желілерінде, маркетплейстерде және таяу шет елдерде кеңінен ұсынылған», — деді «Аврора» өндірістік кешені» ЖШС өңірлік директоры Ермек Еркінов.

2024 жылы «Бәйтерек» холдингінің субсидиялау және кепілдік беру құралдары арқылы Үкімет бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыруға 336 млрд теңге бөлді. 2,7 мың жобаға 254 млрд теңге жеңілдетілген несие берілсе, жалпы 29,5 мың жоба 1,7 трлн теңгеге мемлекеттің қолдауына ие болды. Бұл шаралар 9,7 мың жұмыс орнын ашуға, 25,4 трлн теңгенің өнімін шығаруға, 1,7 трлн теңге салық түсіміне мүмкіндік берді. Нәтижесінде 2024 жылы ШОБ секторында жұмыспен қамтылғандар үлесі халықтың 48%-на тиесілі болса, ЖІӨ-ге қосылған үлес шамамен 40%-ды құрайды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді