Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада отандық өндірушілердің Ulttyq ónim көрмесі өтеді

Астанада отандық өндірушілердің Ulttyq ónim көрмесі өтеді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада 16 мамырдан бастап 18 мамырға дейін жыл сайынғы VIII Ulttyq ónim отандық өндірушілердің көрмесі өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрмеге Қазақстанның барлық өңірінен 350 өндіруші өз өнімдерін ұсынатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары елімізде өндірілген өнімдермен танысып, «Даму» қорының бағдарламалары арқылы Үкімет тарапынан қолдау алған тауарларды сатып ала алады.Көрмеде тамақ өнеркәсібі, жеңіл және химиялық өнеркәсіп, машина жасау, жабдықтар мен зергерлік бұйымдар сияқты түрлі өнімдер ұсынылады. Олардың ішінде «Гормолзавод», Aq Dam ұлттық тәттілер, Galamilk, Altay Outwear белсенді демалыс және туризмге арналған киімдер мен жабдықтар, Balausa Jewelry зергерлік бұйымдар, аккумуляторлар шығаратын «Кайнар АКБ» ЖШС, Қазақстанда толықтай әзірленіп, жиналған алғашқы суару машинасын шығаратын Su bereke бренді, дезинфекциялық, косметикалық және жуғыш заттар өндірісінде көшбасшы «Аврора», тұрмыстық техника шығаратын «Almaty Turmystyq Tehnika Zavody» және тағы басқа көптеген брендтер бар.Сонымен қатар, Ulttyq ónim көрмесінде отандық кәсіпкерліктің дамуына арналған панельдік сессиялар өтеді. Оларға Қазақстан мен шетелден келген жетекші спикерлер қатысады.

Қатысушылар Қазақстандағы бизнес үшін өзекті трендтер, қиындықтар мен мүмкіндіктерді талқылайды.Көрме барысында тәуелсіз «Халық Таңдауы» дәм тату байқауы, Қазақстанның жетекші өндірушілерінің әйелдер мен ерлер киімдер коллекцияларының таныстырылымы, кәсіпкерлерден шеберлік сыныптары, қатысушылардан күнделікті сыйлықтар ұтыс ойыны және концерттік бағдарлама өтеді.Іс-шараның салтанатты ашылуы 16 мамыр күні сағат 09:00-де EXPO Халықаралық көрме орталығында (Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1) өтеді.Көрме 16-18 мамыр күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді