Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында өз үйінен алтын бұйымдар ұрлаған ер адам анықталды

Жамбыл облысында өз үйінен алтын бұйымдар ұрлаған ер адам анықталды
Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысында өз үйінен алтын бұйымдар ұрлаған азамат анықталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Т. Рысқұлов ауданында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі ұрлық фактісін ашты. Құны 1, 8 млн теңгеден асатын алтын әшекейлерді ұрлаған күдікті – жәбірленушінің туған ұлы болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, 40 жастағы азамат әкесінен қаржылай көмек сұраған, алайда оның өтініші орындалмаған. Содан кейін ол туыстарының тойға кеткен сәтін пайдаланып, терезе арқылы үйге кіріп, әйелдер мен ерлерге арналған алтын бұйымдарды жасырын иемденген. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағына (Ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті өз кінәсін толық мойындап отыр. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу жалғасуда.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді