Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Республикалық маңызы бар күре жолдарды жаңарту жұмысы жалғасып жатыр

Республикалық маңызы бар күре жолдарды жаңарту жұмысы жалғасып жатыр
Фото: pixabay.com

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес елімізде жол инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының маңызы зор. Биыл шамамен 7 мың шақырым жол орташа және күрделі жөндеумен қамтылмақ.Былтыр «Жезқазған – Петропавл», «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз», «Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз», «Сарыөзек – Көктал» тасжолдарында орташа жөндеу жұмысы басталды. Биыл бұл жұмыс жалғасады. Сонымен қатар биыл жолшылар жаңа учаскелерді жаңартуға кірісті, олардың ішінде «Қарабұтак – Рудный – Қостанай» және «Атырау – Орал» бағыттары бар.Көлік қарқыны жоғары бағыттарға ерекше мән беріліп отыр. Мәселен, Алматы облысындағы Құлжа тасжолы орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында «Семей – Өскемен» тасжолының 73 шақырымдық бөлігінде жөндеу жалғасады. Бұл учаскеде жол жамылғысы жаңартылып, су өткізгіш құбырлар жөнделеді.Өткен жылы «Жезқазған – Петропавл» тасжолының 590 шақырымында жөндеу жұмыстары басталып, биыл тағы 119 шақырымда жалғасын табуда. Сондай-ақ былтыр «Мамлютка – Қостанай» бағытындағы 161 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары басталды. Биыл бұл жұмыстар тағы 74 шақырымда жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді