Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жолдың құрылысы басталады

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жолдың құрылысы басталады
Фото: pixabay.com

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында  13 мың шақырым жол қамтылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

«Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау-Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы жүзеге асады. Құрылысы осы кезге дейін басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын "Қалбатау – Майқапшағай", "Күрті – Қонаев", "Қызылорда– Жезқазған" және "Ұзынағаш – Отар" жолдарының реконструкциясы жалғасады. Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының маңызы зор. 7 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Олардың қатарында "Жезқазған – Петропавл", "Мұқыр – Құлсары", "Қандыағаш – Ембі -Ырғыз", "Қостанай – Қарабұтақ", "Өскемен – Шемонаиха", "Өскемен-Рахман кілттері", "Орал –Атырау"  жолдары бар. Бұл жұмыс бірнеше жыл қатарынан жөндеу көрмеген  жолдардың жай-күйін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Қосымша жергілікті маңыздағы 4 мың шақырымға жуық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті