Жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға алдын ала дайындық қолға алынды: 28 сәуірден бастап теле-радиоарналарда алдағы жоспарлы жаттығу туралы бейнероликтер мен сабыр сақтауға шақыратын хабарламалар көрсетіліп жатыр. Сейсмикалық жаттығу өтетін күні сағат 11:00-де қалалық хабарлау жүйесі іске қосылады: сиреналық-дауыс хабарлау құрылғылары, теле-радиоарналарды автоматты түрде тоқтатып, шұғыл ақпарат беру, мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар жіберу жоспарланған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы – бұл төтенше жағдай қаупі немесе туындаған жағдайда халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Дыбыстық сигналды естіген кезде дереу теледидар мен радиоқабылдағышты қосып, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалар арқылы ресми ақпарат алып, одан әрі әрекет ету бойынша нұсқаулармен танысу қажет.
Сейсмикалық жаттығу басталғанға дейін дабыл шабаданын дайындаңыз, қауіпсіз жерге апаратын ең қысқа жолды анықтаңыз. Естеріңізге сала кетейік, қауіпсіз орын – бұл электр желілерінен, ағаштардан және ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаң.
Алматы қаласында халықты қабылдайтын 384 пункт бар. Толық ақпаратпен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/documents/details/379263?lang=ru
Халықты қабылдау пункттері туралы толық ақпарат 2ГИС картасында «зардап шеккен халықты қабылдау пункттері» деп іздеу арқылы және Алматының Төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдіктің ресми сайтынан табуға болады. Әрі қарай қолжетімді хабарлау құралдары (дағдарыс шабаданындағы радиоқабылдағыш, мобильді қосымшалар, сиреналық-дауыс құрылғылары және т.б.) арқылы келесі іс-әрекеттер бойынша нұсқаулықтарды қатаң сақтаңыз.
Өткізіліп жатқан қалалық сейсмикалық жаттығу жоспарлы түрде жүргізілетінін еске саламыз. Азаматтарды сабыр сақтауға және белсенді қатысуға шақырамыз.