Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ есірткі қылмыстары туралы анонимді хабарламаларға арналған телефондарды жариялады

ІІМ есірткі қылмыстары туралы анонимді хабарламаларға арналған телефондарды жариялады
Фото: Polisia.kz

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

- Құрметті азаматтар! Жаңа түрдегі есірткі қауіптерінің тез таралуы мен жастарды заңсыз есірткі айналымына тартуда цифрлық арналардың қолданылуына байланысты біз қоғам ретінде балаларымызды, жақындарымызды және еліміздің болашағын қорғау үшін күшімізді біріктіруіміз қажет. ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткі қылмыстарын, әсіресе кәмелетке толмағандарды тарту жағдайларын анықтау, жолын кесу және алдын алу бағытында бар күш-жігерін салып жұмыс жүргізуде. Алайда бұл мәселені тек құқық қорғау органдарының күшімен шешу мүмкін емес. Сіздерді бейжай қалмауға шақырамыз. Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударыңыздар. Заңсыз сату бойынша күдік тудыратын интернет-ресурстарға, граффити мен кодтары бар жарнамаларға мән беріңіздер. Біз әр өңір бойынша кері байланыс үшін телефон нөмірлерін қалдырамыз. Сіз маңызды ақпаратты анонимді және қауіпсіз түрде хабарлай аласыз. Бұл қылмыстың алдын алып, біреудің өмірін құтқаруға көмектесуі мүмкін. Кәмелетке толмағандарды есірткі ортасына тартуды азайту — бәрімізге ортақ міндет. Бейжай қалмай, белсенділік танытқан әр азаматқа алғыс білдіреміз, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады