Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімдерімен өңірлерді дамытудың жаңа тәсілдерін талқылады

Қанат Бозымбаев Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімдерімен өңірлерді дамытудың жаңа тәсілдерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапары аясында Семей қаласында Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша кеңес өткізді. Кеңеске өңір әкімдері, салалық министрліктер мен Amanat партиясының өкілдері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқосуда өңірлік саясатты іске асырудың жаңа тәсілдері жан-жақты қарастырылды. Орталық тарапынан әлеуметтік және басқа инфрақұрылымды басым түрде қаржыландыру неғұрлым дамыған облыстармен алшақтықты қысқарту үшін артта қалған өңірлерге бағытталатыны атап өтілді. Сондай-ақ бизнесті дамыту үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасы желісі бойынша қаржыландыру өңірлерге қосылған құн тізбегіне қатысатын және қажетті шикізат әлеуеті мен өткізу нарықтары бар нақты жобаларға беріледі.

2028 жылға дейін аталған үш өңірде агроөнеркәсіп кешені, тау-кен металлургия саласы, туризм және қайта өңдеу бағытында 6,5 трлн теңгеге 102 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Қайта өңдеу өндірістерін, ШОБ кластерлерін және Катонқарағай, Баянауыл, Зайсан, Алакөл, Шүлбі су қоймасы сияқты туристік аймақтарды дамыту қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар трансшекаралық ағындарды ескере отырып, Ресей мен Қытай нарығына шығу мүмкіндігі бар өңірлердің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалану маңызды.

Ауылдар мен моноқалаларды қолдау мәселесіне ерекше назар аударылды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында Amanat партиясы мен өңір әкімдіктері ауылдарды саралап, олардың мамандануын айқындады. Вице-премьер ауыл шаруашылық кооперативтерін құруды және скрининг нәтижесіне сай ауылдарда шағын өнеркәсіптік аймақтар қалыптастыруды тапсырды.

Кеңес барысында Абай облысының әкімі Берік Уәли, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов есеп берді. Отырыс қорытындысы бойынша өңір әкімдіктері мен салалық министрліктерге бірқатар тапсырма берілді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты