Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады

Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады
Фото: primeminister.kz

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Тараз өңірлік университетінің базасында Жамбыл облысындағы гидромелиоративтік-құрылыс институтын қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, су ресурстары және ирригация, ұлттық экономика, әділет вице-министрлері, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Жамбыл облысы әкімдігінің басшылығы қатысты.

Қанат Бозымбаев жаңа университеттің тиісті материалдық-техникалық базасын құру, қаржыландыру және кадрлармен қамтамасыз ету туралы есепті тыңдады.

Вице-премьер еліміздің базалық жоғары оқу орындарының бірін қалпына келтіруді Мемлекет басшысы тапсырғанын еске салды. Университетке Ұлттық мәртебе беріледі, ол тек су ресурстары мәселелеріне мамандандырылады. Оқытушылар құрамына шетелдік ғалымдар да кіреді. Еуропа, Қытай, Ресей және АҚШ университеттерімен жаңа ЖОО-мен серіктестік туралы келіссөздер жүргізілуде. Талапкерлерді тарту үшін білім беру гранттары көзделетін болады.

Вице-премьер қажетті ведомствоаралық рәсімдерді жеделдетуді тапсырды — университет қыркүйек айында өз есігін ашуы тиіс.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты