Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жыл соңына дейін тағы 9 мектеп ашылады

Астанада жыл соңына дейін тағы 9 мектеп ашылады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жыл соңына дейін қалада тағы 9 жаңа мектеп ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Осы жылдың соңына дейін тағы 9 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Олардың сегізі – Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептер, тағы біреуі – жеке мектеп. Аталған тоғыз мектеп екі ауысымда тағы 30 мыңнан астам оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.

Мәселен, Есіл ауданында 4 мектеп орналасады, Нұра ауданында – 3 мектеп, Алматы ауданында – 2 мектеп. Қаланы аралау барысында бірқатар оқу орнының құрылысымен таныстым. Бұл мектептердің арқасында 3 ауысымды 4 мектептің және тығыздалығы жоғары 3 мектептің қиындығы шешіледі.

Оқу жылының басында біз 15 жаңа мектеп аштық. Жаңа мектептердің арқасында 3 ауысымда оқыту жүргізілген 5 мектептің және тығыздылығы жоғары 4 мектептің қиындығы шешілді.

Біз сол сияқты алдағы жылдарға да дайындалып отырмыз. 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», - деп жазды елорда әкімі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады