Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Асқар Жұмағалиев: Алматының цифрландыру бағытындағы жұмыстары көңіл қуантады

 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барып, цифрландыру бағытында жасалып жатқан бірқатар жұмыстармен танысты. Бұл жөнінде министр өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.


«Қаланың цифрландыру тұрғысынан дамуы көңіл қуантады. Бұл бағытта жасалып жатқан жұмыстар тұрғындардың өміріне жайлылық енгізіп қана қоймай, қала инфрақұрылымының дамуына, сондай-ақ бюджет шығындарының төмендеуіне де өз септігін тигізетініне кезекті рет көз жеткіздім», - дейді министр.


Сонымен қатар, министр қаладағы оқушылар саны аз мектептер мен тәрбиеленушілері аз балабақшалардың да жайын жазған. Ол туралы құзырлы мекемелер жолдаманың жалпыға бірдей бөлінбеу себептерін анықтап, кезекке тұру мәселесімен күресіп, аталған мәселелердің алдын-алу керек. Бұл Big Data талдауларының нақты нәтиже бергенінің бір ғана көрінісі.


Осы ретте, Асқар Жұмағалиев жүзеге асып жатқан «Smart Data Ukimet» жобасының маңыздылығын атап өтті. Жалпы аталған жоба еліміздің цифрландырылған алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттермен терезе теңестіруге көп мүмкіндік береді.


Сондай-ақ, ол бүгінгі күнгі цифрландыру саласындағы нәтижелер мен алдағы  5 жылдықта жетуге болатын жетістіктерге болжам жасап, оның берер пайдасы жөнінде сөз қозғады.


 «Дүниежүзілік экономикалық форумының McKinsey & Company-мен бірлесіп өткізген зерттеулерінің нәтижесіне сәйкес, алдағы 5 жылда осындай технологияларды енгізетін құрылымдар 2030 жылға қарай енгізетін құрылымдармен салыстырғанда 10 есе тиімді болмақ. Бұл біздің еліміз үшін өте жоғары талап болғанымен, ол мақсатқа қол жеткізуге болады. Себебі, мен өз әріптестерімнің осы жоба аясында жасап жатқан жұмыстары мен жетістіктеріне куәмін», - деп қорытындылады министр.

Сурет: Atameken Business Channel
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді