Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандағы балық өсіру шаруашылықтарын және Каспий теңізі итбалықтарының табиғи резерватын сақтау

Қазақстандағы балық өсіру шаруашылықтарын және Каспий теңізі итбалықтарының табиғи резерватын сақтау
Фото: primeminister.kz

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Қазақстанның экономикалық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында балық шаруашылығының жайы қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, Қазақстанда 2024 жылы балық өнімі нарығының жалпы көлемі 9,3%-ға өсіп, 96,6 мың тоннаға жеткен (2023 жылы 88,3 мың тонна). Ел ішінде балық тұтынудың жалпы өсімі жан басына шаққанда 4-тен 5 келіге дейін ұлғайып, өткен жылғы қорытынды бойынша экспорттың 11%-ға, 26 мыңнан 23,4 мың тоннаға дейін төмендеуі байқалады. Әлемнің 20-дан астам елінде қазақстандық балыққа сұраныс жоғары болып отырған кезде экспорт төмендеуінің негізгі себебі балық өнімін Еуроодақ елдеріне жеткізу логистикасының өзгеруі мен соның салдарынан қымбаттауы болып отыр.

Елімізде аквамәдениеттің дамуы негізінен мемлекеттік қолдаудың арқасында. Мәселен, 3 жыл ішінде балық өсіретін шаруашылық саны екі есе артқан. Бүгінде 600 шаруашылық бар.

АШМ мәліметінше, 2024 жылы өндіріс көлемі 2,6 мың тонна болатын құны 11,7 млрд теңге 30 жоба іске асырылды. Қонаевта баррамунди, Қостанайда бекіре, Қызылорда облысында тұқы өсіру шаруашылығы ашылды.

2025 жылы құны 2,3 млрд теңге, балық өсіру көлемі 3,9 мың тонна болатын 12 жоба іске қосылмақ.

Балықты қайта өңдеу көлемін ұлғайту жобасына 2,5%-дық мөлшерлемемен төмен кредит қолданылады. Шикі балық әкету шектеліп, Каспий теңізінде шабақ аулау лимиті 8 мың тоннадан 30 мың тоннаға дейін артқан.

«Аквамәдениет туралы» заң жобасы әзірленіп, қазіргі уақытта Парламент Сенатының қарауына берілді.

Балық өнімі айналымының көлеңкелі нарығын қысқарту үшін «е-fish» ақпараттық жүйесі пилоттық режимде әзірленіп, енгізілген.

Атырау бекіре зауыты, Петропавл мен Қамыстыбас  балық питомнигі сияқты үш мемлекеттік балық өсіру кәсіпорнын қалпына келтіру бойынша мәселе көтерілді. Питомниктерді жаңғырту сапалы балық отырғызу материалын өндіруді жақсартуға мүмкіндік бермек.

Жайық пен Қиғаш өзені сағасында балық жүретін арна таяз болғандықтан, балықтың уылдырық шашатын жерге қоныс аударуын қамтамасыз ету үшін қосымша түбін тереңдету жұмысын жүргізу қажет.

Каспий итбалығын сақтау мақсатында өткен жылдың соңында «Каспий итбалығы» мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Енді резерватты қажетті жабдықпен әрі білікті кадрмен қамтамасыз ету үшін қаржы қажет.

Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрлігіне Қаржы министрлігімен бірлесіп, қысқа мерзімде мемлекеттік балық өсіру кәсіпорындарын жаңғыртуды қолдау мүмкіндігін қарауды, АШМ-ға жеке балық өсіру шаруашылығын дамыту үшін өңірлердегі перспективалы орындарға талдау жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ Каспий итбалықтарының табиғи резерватын барлық қажеттімен қамтамасыз ету мүмкіндігін іздестіруді ұсынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты