Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2021 жылы балық өнімдері өндіріс көлемінің төмендеуі туралы ақпаратты Экология министрлігі теріске шығарды

Бірқатар интернет-ресурстары 2021 жылғы 28 желтоқсанда www.energyprom.kz сайтында жарияланған мақалаға сілтеме жасай отырып, 2021 жылы балық өндірісі көлемінің 2 есе азайғандығы туралы жалған ақпаратты белсенді түрде таратуда, деп хабарлайды kazlenta.kz.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты шындыққа сәйкес келмейді деп ресми түрде теріске шығарады.

ҚР Статистика жөніндегі ұлттық бюросының сайтында жарияланған ресми статистикалық есепке сәйкес, 2020 жылдың қаңтар-қараша айларында елімізде басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген 11,6 мың тонна балық, уылдырық және оның алмастырғыштары өндірілді. Биылғы жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 12,3 мың тоннаны құрады немесе 13,7% - ға артық.

Бұл ретте, балық пайдалану ресурстарының теңгерімін есептеу бойынша ҚР СЖжРА Ұлттық бюросының әдіснамасына сәйкес бұл көрсеткішке 100 адамнан кем кәсіпорындар кірмейді, ал балық саласында негізгі үлес тоқсан сайын есептілік ұсынатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі, тиісінше сайтта орналастырылған 2021 жылғы көрсеткіште биылғы жылдың 4 тоқсанындағы кәсіпорындардың өндіріс көлемі ескерілмеген.

Бұдан басқа, 12,3 мың тонна көрсеткіші қорытынды көрсеткіш емес (2021 жылдың 11 айында) және өңдеуші кәсіпорындардың жұмысын ескере отырып, желтоқсанда жылдық көрсеткіш артады.

Осылайша, бұл деректер керісінше, 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы балық өнімдерін өндіру көлемінің өскенін көрсетеді.

Республика бойынша 2020 жылдың 11 айында балық аулау 45,3 мың тоннаны құрады, ал биылғы жылдың осындай кезеңінде 48,6 мың тонна балық ауланған, яғни өсім өткен жылға қарағанда 7,3% - ды құрайды.

Жалпы республика бойынша 2021 жылдың қаңтар-қазан айларында өңделген және консервіленген балық, шаян тәрізділер мен моллюскалар өндірісінің көлемі 87,1 мың тонна балықты құрады. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 10% - ға немесе 8,8 мың тоннаға өсті.

Балық өсіру балық саласы дамуының өсу нүктесі болып табылады. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 208 қаулысымен Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның негізгі индикаторы өсірілген балық көлемін 2030 жылға қарай жылына 270 мың тоннаға дейін ұлғайту болып табылады.

2021 жылы өсірілген балық көлемі 13,1 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 31% - ға жоғары (9,0 мың тонна). Биылғы жылы әртүрлі әкімшілік кедергілерді болдырмайтын, рәсімдерді оңайлататын, нарық субъектілерінің мүмкіндіктерін кеңейтетін және олардың балық өндіруге арналған шығыстарын төмендететін бірқатар заңнамалық бастамалар қабылданды.

Баяндалғанды негізге ала отырып, Министрліктің баспасөз қызметі БАҚ өкілдерінен қоғамда қате пікір қалыптастыруға әкеп соғуы мүмкін, бұрмаланған ақпараттың таралуына жол бермеу мақсатында ақпараттың дұрыс көздеріне сенім артуды сұрайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді