Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Экология министрлігі балық өсірушілерге жүктемені азайту бойынша шаралар қабылдады

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2020 жылы еліміздің балық шаруашылығына қолайлы жағдай жасау бойынша шаралар кешенін қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Вице-министр Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, министрліктің кеңейтілген алқа отырысында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, бұл балық өсірушілерге жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.


«Қабылданған шаралардың нәтижесінде балық ресурстарын пайдаланғаны үшін жылдық төлемнің орнына тоқсандық төлем енгізілді, бұл бизнеске қаржылық жүктемені айтарлықтай төмендетеді. Сондай-ақ, балық шаруашылығын жүргізу үшін балық шаруашылығы су қоймаларын балық аулау мәртебесінен ауыстыру ережелері бекітілді», - деді ол.


Вице-министр атап өткен тағы бір жаңалық - балық шаруашылығын жүргізуге арналған үлгілік шартты бекіту және осы шартты жасасудың нақты мерзімін 49 жылға белгілеу. Бұл бизнеске балық шаруашылығына сеніммен инвестиция салуға және ұзақ мерзімді жоспарлар құруға мүмкіндік береді.


Жылдың маңызды қорытындысы –  балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдау, оның шеңберінде балық өсіру көлемін жылына 9-дан 270 мың тоннаға дейін ұлғайту, 1200-ден астам жаңа балық өсіру шаруашылығын құру жоспарлануда. Сала алдына қойылған міндеттерді тиімді іске асыру үшін Министрлік жанынан балық шаруашылығы комитеті қайта құрылды.


Сонымен қатар, балық ресурстарының табиғи популяциясын сақтау мақсатында Министрлік заңсыз балық аулаушыларға 2020 жылы 82 млн.теңгеден астам айыппұл салды, 6635 бұзушылық анықталды, 5249 адам әкімшілік жауапкершілікке, 29 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.


«2020 жылдың басынан бері 85 млн-нан астам балық шабақтарын қырылу қаупі бар және су қоймаларынан және күріш чектерінен құтқару жұмыстары жүргізілді. Сондай - ақ, балық шаруашылығы су айдындарында балықтың қырылуын болдырмау үшін қысқы кезеңде 500 мыңнан астам тесік, 86 мыңға жуық қамыс бау орнатумен 16 мың майн бұрғыланды», - деді вице-министр.


Сонымен қатар, Ерлан Нысанбаев 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін Жайық өзенінде балық жүзетін арналарда түбін тереңдету жұмыстары жүргізілгенін, сондықтан бұл өзендерде балық аулау 2018 жылмен салыстырғанда орта есеппен 30%-ға артқанын атап өтті.


«2020 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында 69 млн.данадан астам құнды балық түрлерінің шабақтары, оның ішінде 7 млн. дана бекіре балығы өсіріліп, балық шаруашылығы су айдындарына жіберілді. Ал шарттық міндеттемелер аясында балық ресурстарын пайдаланушылар 126 млн. балық шабақтарын шығарды», - деп атап өтті ол.


Вице-министрдің мәліметінше, балық ресурстарының табиғи қорларының тұрақты жай-күйінің арқасында 2020 жылы 47 мың тонна балық ауланып, 9 мың тоннаға жуық тауарлы балық өсірілді. Шикізаттың болуы 38 млн. АҚШ доллары сомасына 24 мың тонна көлемінде балық өнімдерін өңдеуге және экспорттауға мүмкіндік берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді