Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстаннан Ауғанстанға 36 гуманитарлық көмек вагоны келіп жетті

Қазақстаннан Ауғанстанға 36 гуманитарлық көмек вагоны келіп жетті
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жолдап отыр. Ауғанстанның Балх провинциясындағы Хайратон станциясында гуманитарлық жүк ауған тарапына берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Темір жолмен жеткізілген жүктің жалпы көлемі 2,2 мың тонна. Бұлар өсімдік майы, бидай ұны, күріш жармасы, қысқы және жазғы шатырлар, көрпелер. Зәру дәрілік заттар бар гуманитарлық көмектің бір бөлігі әуе көлігімен жіберілмек. Гуманитарлық көмек «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің жәрдемімен көрсетілді. 

Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы уақытша сенімді өкілі Ғазиз Ақбасов атап өткендей, Қазақстан ауған халқын қолдауды жалғастырып, екі ел арасындағы достық, сауда-экономикалық байланысты дамытуды дәйекті түрде қолдайды. Тек гуманитарлық қана емес, тау-кен өнеркәсібі, көлік, логистика мен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын.

21–23 сәуір аралығында вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Кабулға барады. Сапар шеңберінде Ауғанстанның ресми тұлғаларымен кездесулер, қазақстандық тауарлардың көрмесін өткізу жоспарланып отыр.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді