Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда WorldSkills Almaty-2025 X өңірлік чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

Алматыда WorldSkills Almaty-2025 X өңірлік чемпионатының жеңімпаздары марапатталды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда WorldSkills Almaty-2025 чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 құзырет бойынша үздік шыққан қатысушылар жүлделі орын үшін марапатталды: бірінші орын — 150 000 теңге, екінші орын — 100 000 теңге, үшінші орын — 50 000 теңге. Жалпы жүлде қоры шамамен 10 миллион теңге.
Чемпионат жеңімпаздары Алматының атынан WorldSkills Kazakhstan-2025 республикалық чемпионатына қатысады. Республикалық кезеңнен сүрінбей өткендер 2026 жылы Қытайдың Шанхай қаласында өтетін халықаралық финалға жолдама алады.Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жас мамандарды қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарға арналған арнайы гранттар бөлінуі мүмкін екенін айтты.Байқауды 500-ден астам сарапшы мен жұмыс беруші бағалады. Чемпионат Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өтіп, тәжірибелік дағдының маңызын айқындап, жастардың кәсіби дамуына серпін берді.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады