Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында қоғамдық орындарда қылмыс деңгейі төмендеді

Алматы облысында қоғамдық орындарда қылмыс деңгейі төмендеді
Фото: Polisia.kz

Алматы облысында қоғамдық орындарда қылмыс деңгейі төмендеп келеді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген құқық бұзушылықтар саны 32% азайған. Тек бір тоқсан ішінде көшелерде тіркелген қылмыстар саны 9,7%, ал алкогольдік мас күйінде жасалған құқық бұзушылықтар 20% қысқарды. Мұндай оң өзгеріс – полиция қызметкерлерінің жүйелі және кешенді алдын алу жұмысының нәтижесі. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру аясында аймақта жаяу және автопатрульдеу күшейтіліп, учаскелік инспекторлардың жұмысы кеңейтілді, бейнебақылау жүйесі белсенді қолданылуда, сондай-ақ құқық бұзушылыққа бейім тұлғалармен мақсатты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 

– Қоғамдық орындардағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты бағытымыз. Біз құқық бұзушылықтарға тек жауап беріп қана қоймай, олардың алдын алуға бағытталған жұмыс жүргізудеміз. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылдың маңызы зор. Қабылданған кешенді шаралар көше қылмысының деңгейін төмендетуге ғана емес, сонымен қатар халықтың сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – бір күндік нәтиже емес, полицияның барлық бөлімшесінің күнделікті еңбегінің жемісі, – деп атап өтті ведомствода. Шартты түрде сотталғандармен, сондай-ақ бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғандармен жұмыс жандандырылды. Бұған қоса, қайталанатын және топтық қылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударылуда. Нәтижесінде топпен жасалған қылмыстар саны 9,2% азайды. – Алматы облысының полициясы өңір тұрғындарының құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда, басты назар – алдын алу және профилактикалық шараларға аударылуда. Мақсат – қылмыс санын азайту ғана емес, әрбір азаматтың күнделікті өмірде өзін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасау, – деп толықтырды ведомствода.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты