Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қылмыс деңгейі рейтингінде Қазақстан әлем бойынша 48-орынға тұрақтады

2023 жылдың басында қылмыс индексі рейтингінде Қазақстан 142 елдің ішінде 48-орынға тұрақтады. Қазақстанның индексі 52,7 болды, деп хабарлайды kazlenta.kz finprom.kz сайтына сілтеп.

Индекс сауалнама негізінде елдегі қылмыстың жалпы деңгейін көрсетеді. Рейтинг құрастырушылар 20-дан төмен болса қылмыс деңгейі өте төмен, 20-дан 40-қа дейін — төмен, 40-тан 60-қа дейін — орташа, 60-тан 80-ге дейін — жоғары, 80-нен жоғары — өте жоғары деп санайды.

ТМД елдерінің ішінде Беларусь пен Қырғызстанда қылмыс деңгейі Қазақстаннан жоғары, ал Молдова, Украина*, Ресей және Өзбекстанда бізден қауіпсізірек.

Венесуэла, Папуа — Жаңа Гвинея және Ауғанстан «ең қылмыскер» елдер болса, Катар ең қауіпсіз ел.

* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.

2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларының қорытындысы бойынша, Қазақстанда 157,5 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 0,3% аз.

Ең көп құқық бұзушылық Алматыда тіркелді: 34,9 мың, бір жыл бұрынғыдан бірден 25,9% көп. Одан кейін Астана (17,1 мың құқық бұзушылық) мен Алматы облысы (12,6 мың құқық бұзушылық). Құқық бұзушылық ең аз тіркелген өңірлер жаңадан құрылған облыстар — Ұлытау, Жетісу және Абай.

10 мың адамға шаққандағы құқық бұзушылық деңгейі бір жыл бұрын 82,7 болса, биыл 79,9 болды. Ең жоғары көрсеткіштер Алматы, Астана және Шығыс Қазақстан облысында байқалды: сәйкесінше 162,1, 127,4 және 106,3. Ең төмен, ресми деректер бойынша, Түркістан облысында: 28,1.
Баптар бойынша қылмыстық істердің басым бөлігі меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар: 122,2 мың — бір жыл бұрынғыдан 2,1% артық.

Одан кейін ең көп жасалған қылмыстар халық денсаулығы мен адамгершілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар және тұлғаға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Артынша қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар және көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтар. Ең аз жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
Мультимедиа
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті
Алматы Халықаралық әуежайының жаңа терминалы 87% дайын