Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды

Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәселе, Абай даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында дрифт жасап, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген Lexus көлігінің 31 жастағы жүргізушісі туралы болып отыр. Ол Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен ұсталды және жауапқа тартылды. Сот қаулысымен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар ПД соңғы кезде, әсіресе, жас жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері жиілеп кеткенін атап өтті. Өкінішке қарай, адам көп жүретін көшелер мен халық көп шоғырланған жерлерде қауіпті маневрлер мен дрифттар жиі тіркелуде. Мұндай әрекеттер тек заңсыз болып қана қоймай, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді. 

— Алматы полицейлері барша жүргізушілерге, әсіресе жастарға үндейді: өмірмен әзілдемеңіздер – өзіңіздікімен де, басқалардікімен де. Жауапкершілікпен жүргізу – бұл заңды талап қана емес, бұл - қоғамдық қауіпсіздік мәселе. Әрбір жолға шығу – жауапкершілікті арттыратын аймақ. Жақындарыңызды, жаяу жүргіншілерді, басқа да жүргізушілер туралы ойлаңыз. Біз ескертеміз: мұндай деректің барлығына Заң шеңберінде қатаң түрде шара қолданамыз. Алматы полициясы жол қозғалысы ережелерiнiң сақталуын бақылауды күшейтiп, жол бойындағы бұзакылықтың кез келген көріністеріне қатаң жауап беретін болады. Өзіңізге және айналаңыздағыларға қамқор болыңыз. Заң мен Тәртіп - қауіпсіз өмірдің негізі, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты