Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жол ережесін өрескел бұзған мопед жүргізушісі анықталды

Алматыда жол ережесін өрескел бұзған мопед жүргізушісі анықталды
Фото: Polisia.kz

Алматы қаласы Әуезов ауданындағы Өтеген батыр көшесінде жол ережесін өрескел бұзу дерегі тіркелді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мопед жүргізушісі солтүстік бағытта қозғалып бара жатып, басқа жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндіретін қауіпті апаттық жағдайлар туғызды.

– Жолдағы мұндай іс-әрекетті объективті түрде қылмыстық немқұрайлылық деп атауға болады. Басқалардың өмірі мен денсаулығына қауіпті маневрлер, әдетте, қайтымсыз салдары бар қайғылы оқиғаларға әкеледі. Мұны әрбір жол пайдаланушының түсінуі маңызды. Бұл жағдайда мопедист ұсталып, әкімшілік заңнаманың бірнеше бабы бойынша жауапқа тартылды. Оның көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Оралбек Ахимов.

Бұрын хабарланғандай, Алматыда жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзған 31 894 мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ қалада мопедтердің қатысуымен 743 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 14 адам қаза тапты, тағы 757 адам жарақат алған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді