Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында полицейлер бүтін бір отбасыны жанып жатқан пәтерден құтқарды

Ақмола облысында полицейлер бүтін бір отбасыны жанып жатқан пәтерден құтқарды
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысында полицейлер бүтін бір отбасыны жанып жатқан пәтерден құтқарды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2025 жылғы 9 сәуірде сағат 06:45-те "102" пультіне Центральный шағын ауданының №2Б үйінде қатты түтін шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Қоңырау шалушы, көршілерінің бірі, өрт жайлы және шұғыл көмек қажет екенін хабарлады. Оқиға орнына дереу келген "Әскер 5" автопатрульінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері - Дәурен Түкеев пен Есен Сапар екінші қабаттағы пәтерден түтіннің ортасында қалған бес адамнан тұратын отбасын тапты. Жағдайды бағалай отырып, полицейлер бей-жай қарамайтын азаматтармен бірлесіп шұғыл эвакуация ұйымдастырды. 

Анасы түтінді пәтерден 2019, 2022 және 2023 жылы туған үш жас баланы кезекпен жұбайына табыстады, ол төмендегі қабатта терезе торына шығып, оларды полицейлер мен көмекке асыққан қала тұрғындарына тапсырды. Полиция қызметкерлері мен тұрғындардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық отбасы мүшелері, соның ішінде ата-аналар бірнеше минут ішінде сәтті эвакуацияланды. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты