Қарағандыда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты. От шарпыған пәтерден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Бүгін сағат 17:48-де ТЖД кезекшісінің пультіне 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар бригадасы өрт орнына келіп, бес азаматты, оның ішінде екі баланы құтқарды. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер тағы бес адамды эвакуациялады.
“Жергілікті жерде отты жоюға жеке құрамның 30 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 18:19-да жойылды. Өрттің шығуына алдын-ала болжамға сай электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Өрт орнында 1953 жылы туған ер адамның денесі табылды”, - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.