Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да екі күн ішінде мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

ШҚО-да екі күн ішінде мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді
Фото: Polisia.kz

ШҚО-да екі күн ішінде 1100-ден астам құқық бұзушылық тіркелді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Шығыс Қазақстан полицейлері 1100-ден астам заң бұзушылықты анықтады. Олардың 150-ге жуығы қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішумен байланысты. Сонымен қатар жеті жүргізуші көлікті масаң күйде басқарғаны үшін ұсталды. Олардың бірі – қала тұрғыны полицияға күйеуінің масаң күйде рөлге отырғанын хабарлаған жағдай.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жедел әрекет етті: бейнебақылау жүйесінің көмегімен патрульдік полиция қызметкерлері жедел басқару орталығының инспекторларымен бірлесіп, көліктің тұрған жерін анықтап, оны Өскемен қаласының көшелерінің бірінде тоқтатты. Көлікті тізгіндеген 33 жастағы ер адам болған. Ол көлікті масаң күйде басқарғаны аздай, 2030 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.

Медициналық куаландыру оның алкогольдік мас күйін растады. Тәртіп бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды, көлік айыппұл тұрағына қойылды, ал күдіктінің өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция масаң күйде көлік жүргізу – бұл тек заңды өрескел бұзу ғана емес, сонымен қатар айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін үлкен қауіп екенін ескертеді!



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты