Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмолада полицейлер талып қалған баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге көмектесті

Ақмолада полицейлер талып қалған баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге көмектесті
Фото: Polisia.kz

Ақмолада полицейлер екі жасар баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге көмектесті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

15 наурызда Степногорск қаласында патрульдік полиция қызметкерлері Бейбітшілік көшесінде бағдаршамның тыйым салынған белгісіне Exeed 818 автокөлігі өтіп кеткенін байқады. Полицейлер көлікті тоқтату туралы шешім қабылдады. Автокөлікті қуып жеткен, полицейлер жүргізуші әйелдің қатты үрейленгенін көрді. Ол артқы орындықта екі жасар баласының есінен танып қалғанын және ауруханаға асығып бара жатқанын түсіндірді. 

Жағдайды бағалай отырып, тәртіп сақшылары Арман Билялов пен Ислям Ислямов автокөлікті Степногорск қаласы ауруханасының қабылдау бөлмесіне дейін алып жүру туралы шешім қабылдады. Әр минут маңызды болды. Кәсібилік пен жеделдікті көрсете отырып, олар ауруханаға қауіпсіз және кедергісіз жеткізді. Онда бала дереу медициналық көмек алды. Полиция қызметкерлері баланың өміріне қауіп төндірмейтініне көз жеткізгенше оның туыстарымен бірге болды.

- Мұндай сәттерде сабырлық сақтау өте қиын. Адам денсаулығы, соның ішінде кішкентай бала туралы сөз болғанда уақытында жетуді ойлайсың,– деп бөлісті тәртіп сақшылары.

Бірнеше күннен кейін полиция басқармасына баланың анасы Виктория Вашановадан бейне хабарлама келіп түсті, ол полиция қызметкерлеріне қолдауы мен уақтылы көмегі үшін шын жүректен алғысын білдірді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты