Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында полицейлер денесі қалтырап, есінен танып қалған қызға көмектесті

Түркістан облысында полицейлер денесі қалтырап, есінен танып қалған қызға көмектесті
Фото: Polisia.kz

Төлеби ауданының полицейлері денсаулығы нашарлаған қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, кешкі сағат 18:30 шамасында көше бойында 16 жастағы қыздың денесі құрысып, есінен танып қалды. Жақын жерде жүрген адамдар жедел жәрдем шақырды. Осы кезде қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полицейлер жағдайды байқап, шұғыл оқиға орнына жетті. Бұл сәтте қыз шалқасынан жатып, әрең дем алып, есінен жоғалтып жатты.

Тәртіп сақшылары ең алдымен қыздың тыныс алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Содан полицейлер жедел жәрдемді күтпей, қызметтік автокөлікпен оны аудандық ауруханаға жеткізді. Қыз ауруханада, бүгінде оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Анықталғандай, жас қыз туған күнге қонаққа бара жатып, күтпеген жерден ауа жетпей, әлсіреген. Полиция қызметкерлерінің жылдам әрекеттерінің арқасында ол қажетті медициналық көмек ала алды.

Жасөспірімнің ата-анасы полицейлерге дер кезінде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді