Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында патрульдік полицейлер донорлық ағзаларды шұғыл жеткізуге көмектесті

Ақмола облысында патрульдік полицейлер донорлық ағзаларды шұғыл жеткізуге көмектесті
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысында патрульдік полицейлер донорлық ағзаларды шұғыл жеткізуге көмектесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері донорлық органдармен автокөлікті шұғыл ілесіп жүруді қамтамасыз ете отырып, трансплантологтарға баға жетпес көмек көрсетті.

Осы жылдың 3 ақпанында жергілікті полиция басқармасына РМӨ ШДҚ республикалық үйлестірушісі өмірлік маңызды органдарды жедел тасымалдауға жәрдемдесу туралы өтініш жасады. ЖПҚБ бастығы Аслан Қызбикенов полиция департаменті басшылығымен келісе отырып, патрульдік полиция ротасының инспекторларына, Саян Сұлтанға және Жақсыгелді Жұмабековке дереу медициналық бригадамен автокөлікті алып жүруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Полицейлердің үйлесімді жұмысының арқасында донорлық органдары бар автомобиль Қарағандыдан Астанаға еш кедергісіз және оқыс оқиғаларсыз сәтті жетті.

Полиция қызметкерлері трансплантологтарға бірінші рет көмектесіп отырған жоқ. Өткен жылы University Medical Center (UMC) мамандары Көкшетау полицейлеріне органдарды жедел тасымалдау үшін “жасыл дәлізді” қамтамасыз еткені үшін алғыс білдірген.

– Біз осындай сәттерде бізге жүктелген барлық жауапкершілікті түсінеміз. Әрбір ілесіп жүру тек жұмыс емес, донорлық органдарды жылдар бойы күткен адамдарға көмектесу. Біз өмірді құтқаруға үлес қоса алатынымызды мақтан тұтамыз, – деп атап өтті полицейлер.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты