Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үшінші мегаполисте 50-ге жуық қайта өңдеуші кәсіпорын жұмыс істейді

Үшінші мегаполисте 50-ге жуық қайта өңдеуші кәсіпорын жұмыс істейді
Фото: pixabay.com

Шымкент қаласы аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар саны артуда. Олар ұн, макарон, ірімшік, сары май, айран, шұжық, консерв өнімдерін өндіретін бағытта жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру тапсырмасы аясында ағымдағы жылы 3 сүтті қайта өңдеуші кәсіпорын іске қосылды. Қазіргі таңда, "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп, өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасы аясында сүтті қайта өңдеп қатты ірімшік пен сары май өндіруші 8 кәсіпорынға мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп, жыл сайын қуаттылығы артып келеді.

Жергілікті өндіріс орындарының арасында экспорт бағытында ірі жобаларын ұсынып отырған Базар қақпа елді-мекенінде орналасқан сүтті қайта өңдеуші кәсіпорын «BIO Food kz» ЖШС бар. 2022 жылы негізі қаланып, мемлекеттік қолдаудың арқасында бір жылда жемісін беріп үлгерді. Бүгінде  кеңейіп жатқан зауытта 20-дан астам адам тұрақты жұмыс істейді. Мұнда күніне 25 тоннадан астам сүт қайта өңделіп, қатты ірімшік және сары май өнімі өндірілуде. Өндірілген өнімдер бүгінде қала аумағында және еліміздің өзге де өңірлерінде сатылуда. Алдағы уақытта тауарларды Өзбекстан мен Араб Әмірліктеріне экспорттау жоспарлануда.

Айта кетейік, күнгейлі аймақ шаруалары жылдан-жылға агроөнеркәсіп кешенін дамыту ісіне қомақты үлестерін қосып келеді. Ендігі ретте, дайын өнімдерді қайта өңдейтін салаға ден қойылып, қала аумағындағы азық-түлік тапшылығын азайту бағытындағы шаралар кезең-кезеңімен қолға алынбақ. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты