Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарасу шағын ауданындағы скверге ірі көшеттер отырғызылды

Қарасу шағын ауданындағы скверге ірі көшеттер отырғызылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қарасу шағын ауданындағы скверге биіктігі 6 метр болатын 42 ірі қарағай көшеті отырғызылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының бір бөлігі ретінде қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға бағытталған бастама.
 Ірі көшеттердің тамыр жүйесі жақсы дамыған, діңі берік, тәжі қалың, сондықтан олар тез бейімделіп, орнығып кетеді. Мұндай ағаштарды отырғызу шағын ауданның көркін келтіріп қана қоймай, жайлы жасыл аймақтар құрып, көлік шығарындыларынан ауаның ластану деңгейін төмендетуге және экологияны жақсартуға көмектеседі. Ағаштарға автоматты суару жүйесі орнатылған, ал олардың күтімімен үш жыл бойы мердігер ұйым айналысады. Тұрғындар не дейді? Гауһар Шерәлиева:«Бұрын бұл жер бос алаң болатын, жазда қураған шөп өрт қаупін тудыратын. Енді таза қылқан жапырақты ауа, ағаштардың көлеңкесі – бәрі де кеңістікті жайлы әрі тартымды етті». 
Наурыз айында Алматыда 2 000-ға жуық ірі ағаш отырғызу жоспарланған. Көшеттер Саин, Рысқұлов, Сәтбаев көшелерінде, Көкжиек шағын ауданында, Гүлдер саябағында және басқа да қоғамдық кеңістіктерде пайда болады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты