Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында құрылыс компаниясына қатысты алаяқтық дерегі тіркелді

Ақмола облысында құрылыс компаниясына қатысты алаяқтық дерегі тіркелді
Фото: pixabay.com

Қосшыда полиция құрылыс саласындағы ірі алаяқтық қылмысын тергеп жатыр, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

5 наурызда Қосшы қаласының полиция бөліміне Астана тұрғыны құрылыс компаниясының алаяқтығына байланысты арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, аталған компания Целиноград ауданы, Қараөткел кентінде төрт бөлмелі үй салуға міндеттелген. Келісімшартқа сәйкес, құрылыс құны 30 млн 950 мың теңгені құраған, бұл соманы ол 2023 жылдың 8 қарашасында толық төлеген. Шарт бойынша мердігер 2023 жылдың 3 желтоқсанына дейін іргетасын құйып, қабырғалары мен шатырын тұрғызуы тиіс еді.

Алайда белгіленген мерзімге дейін құрылыс жұмыстары мүлдем басталмаған. Жәбірленуші компания өкілдерімен бірнеше рет байланысуға тырысып, қаражатын қайтаруды талап еткенімен, нәтижесіз болған. Сонымен қатар, дәл осындай жағдайға тап болған тағы төрт ақмолалық құқық қорғау органдарына шағымданған. Олар да сол компаниямен келісімшартқа отырып, алдын ала төлем жасаған, бірақ құрылыс жұмыстары басталмаған. Компания өкілдері әртүрлі себептермен мерзімді кейінге шегеріп, кейін мүлде байланысқа шықпай қойған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақмола облысының полиция департаменті азаматтарға құрылыс саласындағы мәмілелер кезінде сақтық танытуға кеңес береді.

• Ең алдымен, құрылыс компаниясының тіркелуі мен беделін тексеріңіз.

• Келісімшарттың барлық шарттарын, әсіресе қаражатты қайтару тәртібін және міндеттемелер орындалмаған жағдайда жауапкершілікті мұқият зерделеңіз.

• Кепілдіксіз толық алдын ала төлем жасамаңыз.

• Әлеуметтік желілердегі күмәнді әрі тым тартымды ұсыныстарға сақтықпен қараңыз.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты