Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда тұрғындардың 13 млн теңгеден астам қаржысын жымқырған құрылыс компаниясының директоры ұсталды

Таразда тұрғындардың 13 млн теңгеден астам қаржысын жымқырған құрылыс компаниясының директоры ұсталды
Фото: pixabay.com

Таразда тұрғындардың 13 млн теңгеден астам қаржысын жымқырған құрылыс компаниясының директоры ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараз қаласы полиция басқармасына облыс орталығының бiрнеше тұрғыны қаладағы құрылыс компаниясының бiрiне қатысты арызданған. Тұрғындар компания директоры үйлерiне жөндеу жұмыстарын жасаймын деп жалпы көлемі 13 млн 620 мың теңге қаржысын алдап иемденіп кеткені туралы шағымданған.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлiгi 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу iсi басталды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 25 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды.

Ер адам кiнәсын толық мойындап, оған күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Сондай-ақ күдіктінiң осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бапқа сәйкес, күдіктіге бірнеше рет жасалған алаяқтық үшiн мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты