Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада жосықсыз құрылыс салушылар лицензиясынан айырылады

Елорда әкімдігінде құрылыс компанияларының өкілдерімен нысандарды аяқтау мәселелері бойынша кеңес өтті. Кездесуге мынадай тәуекелдері бар құрылыс салушылар қатысты: құрылыс-монтаждау жұмыстары баяу жүргізілуде, құрылысты аяқтау жұмысы кестесінен қалып отыр, тапсырыс беруші мен мердігер арасында сот талқылаулары жүргізілуде, тиісті қаржыландырудың жоқтығы және т.б., деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мысалы, бұл «ЭРА» ЖШС, «Роз Тал» ЖШС жеке нысандары және т.б. «Лея» ТК құрылысы 2016 жылы басталған. Ал «За рекой» ТҚК ұйымына жұмысын жандандырып, нысанды биыл аяқтау тапсырылды.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жосықсыз құрылыс салушыларға әкімдіктің тиісті рұқсатын алғанға дейін немесе «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігін алғанға дейін үлескерлердің ақшасын қабылдайтын болса «қара тізімге» енгізілетінін, ал материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылатынын ескертті.

Сол сияқты құрылыс компаниялары рұқсат құжаттарын алғанға дейін құрылыс-монтаж жұмыстарына кіріссе, лицензиясынан айырылуы мүмкін. Жосықсыз құрылыс салушылардың тізімі әкімдіктің ресми сайтында және БАҚ беттерінде тұрақты жарияланады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді