Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2025 жылы Алматыда 7 мыңнан астам адам баспаналы болады

2025 жылы Алматыда 7 мыңнан астам адам баспаналы болады
Фото: pixabay.com

2025 жылы Алматыда 7 мыңнан астам адам баспаналы болады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен белгіленген 20% квотаға сәйкес, баспана ең осал санаттағы азаматтарға, соның ішінде көпбалалы отбасылар мен бюджет саласының қызметкерлеріне беріледі.

Биылғы жоспарға сәйкес, 7 284 адам баспаналы болады. Олардың ішінде жетім балалар да бар. Заңға сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорының пәтерлері кезек тәртібімен бөлінеді.

2024 жылы пәтер 5 594 адамға берілді. Оның ішінде 2 000 адам коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға берілетін баспана алды, оның 404-і жетім балаларға арналған пәтерлер. Сонымен қатар, 257,7 млн теңге көлемінде 207 тұрғын үй сертификаты табысталды.
2025 жылы ХӘОТ санатындағы азаматтар мен жетім балаларға бөлінетін тұрғын үй үлесі 20% деңгейінде сақталады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті