Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Жасөспірім» ЖПІШ: Қызылорда облысында 216 құқық бұзушы анықталды

«Жасөспірім» ЖПІШ: Қызылорда облысында 216 құқық бұзушы анықталды
Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысында «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасының үш күнінде 216 құқық бұзушы анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысында өткізілген «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы барысында ішкі істер органдары 216 құқық бұзушыны анықтады. Іс-шараның басты мақсаты – алкогольдік ішімдік ішетін, заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде жүрген, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасаған кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ оларды қоғамға қарсы әрекеттерге тартатын тұлғаларды анықтау болды. Сонымен қатар жастардың шоғырланатын орындары (аулалар, жертөлелер және т.б.) тексерілді. Іс-шара барысында үш күн ішінде 216 құқық бұзушының ішінде 154 жасөспірім анықталып, олар заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық кешендерінде немесе тұрғын үйден тыс жерде жүрген. Бұл жағдай бойынша олардың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттамалар толтырылып, қадағалаусыз жүрген екі бала Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау міндеттерін орындамаған 21 дерек тіркелді.

Түнгі уақытта жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 9 кәсіпкер (ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы) және 21 жасқа толмағандарға темекі бұйымдарын сатқаны үшін 3 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК-нің 423-1 бабы). Іс-шара аясында кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты