Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордада 14 жасөспірім бейімдеу орталығына жеткізілді

Қызылордада 14 жасөспірім бейімдеу орталығына жеткізілді
Фото: Polisia.kz

Қызылордада «Балалар түнгі қалада» акциясы аясында 14 жасөспірім бейімдеу орталығына жеткізілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

18-20 желтоқсан аралығында Қызылорда облысында мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Балалар түнгі қалада» атты жедел-профилактикалық іс-шара өтті.

Үш күнге созылған рейд барысында полиция қызметкерлері 210 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Сонымен қатар, қадағалаусыз қалған 14 жасөспірім бейімдеу орталығына жеткізілді.

Рейд нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша (ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы) 21 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылды. Ал 442-бапқа (сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз кәмелетке толмағандардың тұрғын үйден тыс жерде болуы) сәйкес 172 жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттамалар ресімделді. Сонымен қатар профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Акцияның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес пен бопсалау деректерінің алдын алу, құқық бұзушылықтарды болдырмау және жолын кесу. Сондай-ақ жасөспірімдерге алкогольдік және темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, олардың заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үйлерден тыс аумақта болуына жол бермеу бағытында жұмыстар жүргізу.

Осындай шаралар құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды рөл атқарады. Жас буынның құқықтарын қорғауға бағытталған осындай қадамдар қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуіне үлес қосары анық.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді