Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында құқық бұзған 6 жасөспірім жауапқа тартылды

Жамбыл облысында құқық бұзған 6 жасөспірім жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында “Жасөспірім” жедел алдын алу іс-шарасының аясында құқық бұзған 6 кәмелетке толмаған жеткіншек жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараның алғашқы күні ішкі істер органдарына 170 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, балалардың түнгі мезгілде ересектердің еріп жүруінсіз болуына қатысты 157 заңды өкіл жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетсек, 7 маусымнан бастап Жамбыл облысының аумағында әкімдік, білім беру, ата-аналар комитеттері және басқа да мүдделі органдардың өкілдері қатысқан “Жасөспірім” жедел алдын алу іс-шарасы басталған болатын.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, ересектердің еріп жүруінсіз түнгі мезгілде үйден тыс жерде жүрген балаларды және қоғамдық тәртіпті басқа да бұзу деректерін анықтау. Рейдтер барысында ювеналды полиция қызметкерлері компьютерлік клубтар, скверлер, саябақтар, көшелер, кафелер және басқа да ойын-сауық орындары сияқты жасөспірімдердің ең көп жиналатын жерлерін тексерумен қамтыды.

 

– Жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінің қорытындысы бойынша полицейлер ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамауының 9 дерегін анықтады. 16 мен 18 жас аралығындағы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 6 кәмелетке толмаған жеткіншек әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сонымен қатар 14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер жасаған бұзақылықтың 2 дерегі анықталды. Балаларды қолдау орталығына 4 жасөспірім орналастырылды. Кәмелетке толмағанға алкоголь өнімін сатқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігі (Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі ҚР заңнамасының талаптарын бұзу) бойынша бір сатушы жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық есепке 12 жасөспірім мен 7 қолайсыз отбасы қойылды, – деп атап көрсетті ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев.

Бір тәулік ішінде облыстың ювеналды полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында есепте тұрған 72 жасөспірім мен 69 қолайсыз отбасын тексерді, отбасылармен қайта құқық бұзушылықтар жасалмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді