Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Наурыз айында Қазақстанда ауа райы қандай болады

Наурыз айында Қазақстанда ауа райы қандай болады
Фото: pixabay.com

Наурыз - көктемнің бірінші айы, ол жылы және жауын-шашынды болады деп күтілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы нормадан 2°С жоғары болады деп болжанады. Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде - нормадан көп, еліміздің оңтүстік-батыс, оңтүстік бөлігінде норма шамасында болады деп болжанады.

Наурыз айында ауа райы өте құбылмалы, аязды күндер жылы күндермен алмасады, солтүстік аймақтарда нағыз қысқы бұрқасын әлі де болуы мүмкін. Наурыз айы бойы жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), оңтүстік жартысында көбінесе жаңбыр түрінде болжанады, желдің күшеюі, тұман және көктайғақ болады деп күтілуде.

Наурыз айының бірінші онкүндігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарыдайды республиканың басым бөлігінде түнде -12-20°С-тан, еліміздің орталығында, шығысында -15-26°С-тан -5+1°С-қа дейін, күндіз -3-11°С-тан -3+5°С-қа дейін.

Оңтүстік өңірлерде ауа температурасының түнде -2-10°С-тан 0,+8°С-қа дейін, күндіз -2+8°С-тан +10+15°С-қа, Түркістан облысында +15+20°С-қа дейін ауытқуы күтіледі. Онкүндіктің соңында Қазақстанның барлық аумағында температуралық фонның төмендеуі болжанады:

- солтүстік жартысында түнде -3-8°С дейін, күндіз 0,-5°С дейін;

- оңтүстік жартысында түнде -5+2°С дейін, күндіз +3+10°С дейін.

Екінші онкүндікте ауа температурасының ауытқуы күтіледі:

солтүстік жартысында түнде -10-15°С-тан -5+3°С-қа дейін, күндіз -2-13°С-тан +2+10°С-қа дейін;

оңтүстік жартысында түнде -5+5°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +3+8°С-тан +10+20°С-қа дейін.

Наурыздың үшінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының түнде -5+5°С-тан +5+10°С-қа дейін, күндіз +5+10°С-тан +10+20°С-қа дейін ауытқуы болжанады;

еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде -5-15°С-тан                           0,-8°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан +3+10°С-қа дейін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді