Павлодарда полицейлер бес айлық баланы әкесіне қайтарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысының полиция қызметкеріне алғыс хат келіп түсті. Ер адам кәсіпқойлығы үшін Павлодар облысының полиция қызметкеріне шынайы алғысын білдірді. 18 ақпан күні полиция қызметкері Динара Қалықова шақырту алды. Ер адам оған Көкшетау қаласынан Солнечный кентіне бес айлық баласы бар әпкесінің келгенін және алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатынын, балаға дұрыс қарамайтынын хабарлады. Әйел ағасының ескертулерін елемеді. Ер адам полициядан көмек сұрады. Ювеналды полицияның аға инспекторы көрсетілген мекенжайға барған кезде мас күйіндегі әйелді көрді. Үйде қоғамға жат өмір салтын ұстанатын адамдар болды, үйде антисанитариялық жағдай қалыптасқан, ал бес айлық қыз төсекте жатты.
Шұғыл түрде осы факті бойынша қыздың әкесі мен Көкшетау қаласының қорғаншылық органдарының қатысуымен Екібастұз қаласының кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысы өткізілді. Нәтижесінде қызды заңды өкіл – әкеге беру туралы комиссиялық шешім қабылданды, сондай-ақ ананың ата-ана құқығын шектеу туралы мәселе көтерілді.
– Мен үшін ең бастысы бала қауіпсіз жерде, әкесі мен туыстарының қасында. Балада бәрі жақсы болсын, – деп атап өтті полиция қызметкері Динара Қалықова.