Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда жасөспірім телефонда ойнауға тыйым салған әкесін пышақтады

Павлодарда жасөспірім телефонда ойнауға тыйым салған әкесін пышақтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға Павлодар қаласы тұрғынының пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полицейлер анықтағандай, пәтерде әкесі мен 14 жастағы кәмелетке толмаған баласы арасында жанжал болған.

– Әкесі баласына телефонда ойнағаны және үйді жөндеуге көмектесуден бас тартқаны үшін ескерту жасаған. Телефонды алып, ер адам үйдің ауласына бет алған, сол кезде жасөспірім әкесіне ашуланып, ас үй пышағын алып әкесін пышақтаған. Ер адам пышақ жарақатымен Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында кәмелетке толмағандар жасаған 11 қылмыс тіркелген.
Полиция азаматтардан балаларымен мұқият және шыдамды болуды, жасөспірімдермен мүмкіндігінше көп сөйлесулерін сұрайды. Олардың мәселелесін назардан тыс қалдырмаңыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті