Бс, 08 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚҰБ Басқармасы валюталық реттеу мәселелеріне қатысты құжаттардағы өзгерістерді бекітті

ҚҰБ Басқармасы валюталық реттеу мәселелеріне қатысты құжаттардағы өзгерістерді бекітті
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстан Ұлттық Банкі ҚҰБ Басқармасының кезекті отырысы өткенін хабарлайды. Отырыста ақша және валюта нарығындағы жағдай туралы баяндама қабылданып, 2024 жылдың төртінші тоқсанында Ұлттық қорды сенімгерлік басқару нәтижелері туралы есеп бекітілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық банктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

2024 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың валюталық активтері 58,8 млрд АҚШ долларын құрады. Жылдық инвестициялық табыс 4,6 млрд АҚШ доллары немесе 7,6% болды. Қор құрылғалы жинақталған кірістілік – 128% немесе жылдық мәнде 3,55%.

Ұлттық Банк Басқармасы валюталық реттеу мәселелері бойынша бірқатар нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар да енгізді. Банктердің валюталық операциялар бойынша есеп беру мерзімі қысқартылып, валюталық заңнама талаптарынан жалтару үшін жасалуы мүмкін және қаржы мониторингіне жататын операциялар тізімі кеңейтілді. Сонымен қатар, Басқарма шешімімен ақша айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар үшін қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамдарының айырмашылығы шектелді: АҚШ долларына – 7 теңге, еуроға – 10 теңге.

Бұдан бөлек, 2025 жылғы 28 наурыздан бастап 2024 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайны бар 1 000 теңгелік банкнотаны айналымға шығару туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ 2025 жылы екі жаңа коллекциялық монета – «GRIFFIN» («Көшпенділер аңызы мен мифтері» сериясынан) және «OTYRAR» («Қазақстанды монеталар арқылы зертте» сериясынан) монеталарын шығару әрі айналымға енгізу мәселесі бекітілді.

Сонымен қатар, жиында төлем жүйелері және Ұлттық Банктің өзге де қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді