Жс, 04 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлттық Банк төрағасы теңгенің нығаюына не әсер еткенін айтты

Мамыр айында теңге 6,8 пайызға нығайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz.

«Мамырда жаһандық қаржы нарықтарындағы белгісіздік пен құбылмалылыққа қарамастан теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 415,16 теңгеге дейін немесе 6,8 пайызға нығайды. Ұлттық валютаның нығаюы мұнай-газ нарығындағы жоғары баға мен экспорттаушылардың салық төлемдеріне, жеке тұлғалардың шетел валютасына сұранысы төмендегендіктен нарық қатысушылары сентиментінің өзгеруіне, Ресей рублі бағамының нығаюына байланысты», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Ғалымжан Пірматовтың атап өтуінше, валюта нарығындағы ұсыныс квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімін сатуы есебінен қосымша қолдау тапты. Оның көлемі мамырда шамамен 598 млн доллар болды. «Бюджетке ірі салық төлемдері кезеңі мен валютаны сатудың тиісті қажеттілігі аясында шетел валютасының ұсынысы сұраныстан асып түсті. Салық аптасы кезеңінде өтімділікті қолдау және шетел валютасының сұранысы мен ұсынысы арасында қалыптасқан теңгерімсіздікті реттеу мақсатында Ұлттық Банк 110,5 млн долларға шетел валютасының артық ұсынысын сатып алды», - деді ол.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті