Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бір аптада валюталық интервенциялардың көлемі 421,9 млн долларды құрады

Әлемнің қаржы нарығындағы жағдай әлі де болса құбылмалы болып тұр. Ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақсыздануына жол бермеу үшін 9 наурызда Қазақстан қор биржасында доллар-теңге жұбы бойынша сауда-саттық Франкфурт аукционына сай өткізілді, оның қорытындысы бойынша Ұлттық Банктің валюталық интервенциялары 198,9 млн АҚШ долларын немесе бір күнгі сауда-саттықтағы жалпы көлемнің 94,4%-ын құрады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Сыртқы күтпеген өзгерістердің ел экономикасына қарай ауысуын болдырмау үшін және ішкі валюта нарығындағы балансты қолдау мақсатында Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізеді. Өткен аптада олардың көлемі 421,9 млн АҚШ долларын немесе биржалық сауда-саттықтың жалпы көлемінің 59,2%-ын құрады.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату өткен аптада 240,2 млн АҚШ долларына шықты. Ұлттық Банктің валюталық интервенциялары мен Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 92,9%-ын құрады.

Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы санкциялық риторикаға, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы жағдайға байланысты болады. Бұл ретте Ұлттық Банк экономикадағы құрылымдық өзгерістер мен айырбастау бағамының еркін қалыптасу қағидаттарына бейімділік қажетті талабы болып табылатын инфляциялық таргеттеудің толыққанды режиміне ауысу бойынша жұмысын жалғастыратынын атап өткен жөн.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты