Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Кедергісіз сауда, бизнес үшін қолайлы жағдай және туризм: Олжас Бектенов Алматыда ЕҮАК отырысына қатысты

Кедергісіз сауда, бизнес үшін қолайлы жағдай және туризм: Олжас Бектенов Алматыда ЕҮАК отырысына қатысты
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында ЕАЭО-ға қатысушы елдер үкіметтерінің басшыларымен Одақ шеңберіндегі өзара іс-қимылдың негізгі аспектілері мен ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Кедергісіз сауданы дамыту, іскерлік ахуалды қалыптастыру, туристік әлеуетті ашу мәселелері қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер делегацияларының басшылары: Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян; ЕАЭО бақылаушы елдері делегацияларының басшылары: Иран Ислам Республикасының бірінші вице-президенті Ареф Мохаммад-Реза; Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Әзербайжан Премьер-министрі Әли Идаят оғлы Асадов, ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов өз сөзінде Одақ елдері арасындағы сауданы дамыту мен экономикалық интеграцияның маңыздылығына ерекше назар аударды.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ экономикалық интеграция және өзара сауда-саттықты дамыту үдерісі табысты жүзеге асырылып жатқан аса маңызды алаңдардың бірі ретінде өзінің тиімділігін дәлелдегенін атап көрсетті. Сонымен қатар ұлттық деңгейде, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде сыртқы жағдайларға тиімді бейімделу мүмкіндігі біздің экономикаларымыздың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі факторына айналады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Осы орайда қазақстандық тарап Одақ шеңберінде бірлескен жұмыстың бірқатар басым бағытын атап өтті. Бүгінгі таңда ЕАЭО құқықтық жүйесі экономикалық бірлестікке мүше елдерге белгілі бір өнімдерді әкелуге уақытша ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай шараларды қолдану шектеу белгілеген мемлекет аумағы арқылы транзитке тосқауыл қояды, сол арқылы межелі елге кіруге тыйым салынады. Сауда қатынастарында кедергісіз орта құрудың маңызды екені баса айтылды.

Қазақстан Премьер-министрі орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін қолайлы бизнес-орта қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Бүгінгі таңда Одақ аумағында реттеуші және нақты әсерлерді бағалау тетігі жұмыс істейді. Кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайын жақсарту үшін Бірлестік шеңберінде халықаралық шарттарға нақты әсерді бағалау тетігін қолдануды кеңейту ұсынылды.

Сондай-ақ туристік саладағы ынтымақтастықтың келешегіне назар аударылды. Танымал бағыттар мен көрікті жерлер туралы бірыңғай ақпараттық ресурс құру бойынша жұмысты күшейту жөнінде ұсыныс енгізілді.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар ЕАЭО-ның экономикалық әлеуетін нығайтуға, іскерлік ахуалды жақсартуға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді