Бс, 20 ақпан 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Айыппұлдар туралы күмәнді кеңестер: қазақстандықтар нені білуі керек

Айыппұлдар туралы күмәнді кеңестер: қазақстандықтар нені білуі керек
Фото: pixabay.com

Полиция Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сенімді механизмді түсіндірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілеме жасап.

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде азаматтарға жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеу ережелері туралы күмәнді кеңестер көбейіп, жұртшылықты жаңылыстыруда. Осыған байланысты, Алматы полициясы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сенімді механизмді түсіндіреді. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 62-бабының талаптарына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі 2 айды құрайды. Автоматты есепке алу жүйелерімен әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, айыппұлды төлеу қажеттігі туралы ұйғарым жіберілген кезден бастап іс қозғалған болып есептеледі.

Құқық бұзушылық туралы смс-хабарлама айыппұлды төлеу қажеттігі туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің “Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі” ақпараттық жүйесімен автоматты түрде жіберіледі. Осылайша, құқық бұзушы тиісті түрде хабардар етілсе, айыппұлды төлеу туралы ұйғарым міндетті түрде орындалуға жатады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабының ережелеріне сәйкес, айыппұлды төлеу қажеттігі туралы ұйғарым тиісті түрде жеткізілген сәттен бастап, азамат жеті күннің ішінде, көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде төлеуге құқылы.
Әкімшілік айыппұлдың мөлшері әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде қолданыста болған айлық есептік көрсеткішке сәйкес келеді.

Айыппұлды төлеу туралы ұйғарым бұзушылық тіркелген күннен бастап 10 күн ішінде көлік құралының иесіне белгіленген үлгідегі түбіртекпен жіберілетіні туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын айта кету керек. Осы жағдайда кейбір азаматтар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 822-бабының талаптарын қате түсіндіруде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты