Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда кей азаматтарға айыппұл төлеуде 50 пайыздық жеңілдік берілмеуі мүмкін

Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ведомство өкілдері кейбір қазақстандықтар үшін айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін алып тастауды жоспарлап отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

"ІІМ жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін күнтізбелік жыл ішінде 5 реттен астам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға 50 пайыздық жеңілдікпен әкімшілік айыппұлды төлеу мүмкіндігін алып тастауға (...) түзетулер енгізуде", - дейді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев. Сонымен қатар министрлік өкілі қала сыртындағы жолдарда "орташа жылдамдықты" асырғаны үшін көлік жүргізушілерін жауапкершілікке тарту мүмкіндігін қарастыратын түзетулер қарастырылып жатқанын да хабарлады. Мұраталиев 2022 жылғы 9 қыркүйектен бастап "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енетінін еске салды.

Онда мемлекеттік нөмірі жоқ көлікті қайта айдағаны үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл немесе көлік жүргізу құқығынан айыру қарастырылған. Одан бөлек, көлік құралын көрінеу жалған немесе жалған нөмірмен басқарғаны үшін де жауапкершілік күшейтілді. Енді мұндай құқық бұзушылық үшін айыппұл салынбайды. Яғни бір жылға көлік жүргізу құқығынан айыру немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылады.

Еске сала кетсек, Қазақстанда айыппұлды 50 пайыдық жеңілдікпен құқық бұзушылық тіркелген күннен бастап жеті күн ішінде ғана төлеуге болады, сондай-ақ: құқық бұзушылық фактісін мойындау; айыппұлдың 50 пайызын төлеу туралы келісім; ұсынылған дәлелдемелерге шағымданбау шарттары орындалған кезде іске асады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді