Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да қос азаматтығы бар анасы мен қызы анықталды

ШҚО-да қос азаматтығы бар анасы мен қызы анықталды
Фото: Polisia.kz

ШҚО-да қос азаматтығы бар анасы мен қызы анықталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда полиция қызметкерлері екі жергілікті тұрғынға қатысты қос азаматтық фактісін анықтады.

– Белгілі болғандай, олар өткен жылдың желтоқсан айының басында шет мемлекеттің азаматтығын алып, алайда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының көші-қон қызметіне хабарламаған. Дегенмен, бұл құқық бұзушылық екі ай өткеннен кейін, анасы мен қызы зейнетақы жинақтарын алу үшін ХҚКО-ға өз бетімен жүгінген кезде анықталған, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сот қаулысымен олар Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзды деп танылды. Нәтижесінде анасына 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, ал қызы әкімшілік жолмен елден шығарылды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 2025 жылдың қаңтар айының өзінде облысымызда қос азаматтығы бар жеті адам анықталған.

Құқық қорғау органдары Қазақстан заңнамасына сәйкес, басқа елдің азаматтығын алған азаматтар 30 күн ішінде бұл туралы көші-қон қызметіне хабарлап, бұрынғы азаматтығын растайтын құжаттарын тапсыруы қажет екенін ескертеді. Аталған талапты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын естен шығармаңыздар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты